Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2388

Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сондай-ақ үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осылайша Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.

Яғни, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.

Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат - мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған. 

СПОРТ

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада 68 жасында қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...