«Өз руымнан орын табылмады»: Фариза Ескермес қазақ дәстүріне өкпесін айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
99

Танымал актриса Фариза Ескермес қазақ шежіресіндегі әйелдердің орны туралы мәселе көтерді. Өнер иесі өзінің Ысты руының шежіресінен есімін таппағанын, есесіне татар ұлтынан шыққан жұбайының әулет шежіресіне енгенін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Актриса Instagram парақшасының Stories бөлімінде жұбайы Андрей Чалковтың әулет шежіресін көрсетті. Онда күйеуінің есімімен қатар Фаризаның да аты жазылып, «Андрейдің әйелі» деп көрсетілген. Осыдан кейін актриса қазақтың шежіре жүргізу дәстүріне қатысты көкейінде жүрген сауалын көпшілікке жолдады.

«Ал, татарлардың шежіресіндемін… Өзіміздің Ысты руының шежіресінен орын табылмай, татар елінің шежіресінде жүрмін… Біздің дәстүрге өкпем қара қазандай, байқасаңыз. Қазақ қыздарының шежіреде болмауы қайдан басталған дәстүр? Маған осы сұраққа сауатты жауап беретін адам бар ма? Шын мәнінде тыңдағым келеді…», – деп жазды актриса.

Фариза Ескерместің пікірінше, шежіренің мақсаты әулет тарихын келер ұрпаққа жеткізу болса, аналар мен қыздардың есімі де ұмыт қалмауы тиіс. Актриса оқырмандарының пікірлерін де жариялады. Олардың бірқатары өнер иесінің сөзін қолдап, әйелдердің өз руының да, жұбайының да шежіресіне енбей қалатын жағдайлары кездесетінін атап өтті. Дәстүрлі қазақ шежіресі әке жағынан таратылады. Дегенмен қазақ тарихында есімі тұтас бір ру тармағына берілген аналар да бар.

Айта кетейік, Фариза Ескермес пен Андрей Чалков 2024 жылы шаңырақ көтерген. Актриса көрермендерге «Нурикамал», «Қазақ хандығы», «Мошенники» фильмдері мен телехикаялары арқылы танымал.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Чалдыбар» өткізу бекеті уақытша жұмысын тоқтатад...

Шоу-бизнес

Таразда «Соңыра» фильмінің актерлері Дариға Бадықова мен Олжас Абайды өрт сөндірушілерді...