Ұлттық банк жаңа лимит енгізеді: Енді кім несие ала алмайды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
665

Қазақстанда несие беру талаптары күшейтілмек. Енді әр азамат үшін қарыздың жалпы көлеміне жеке лимит белгіленеді. Ұлттық банк жиынтық борыш коэффициентін енгізіп жатыр. Ол клиенттің ресми табысына қарай есептеледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осылайша, жалақыны конвертпен алатындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар несие ала алмай қалуы мүмкін.  

Ұлттық банк жиынтық борыш коэффициентін бекітті. Енді қазақстандықтар табысынан 8 жылдық мөлшерден асатын сомаға несие ала алмайды. Есептеу кезінде ипотека, бөліп төлеу, автонесие, тұтынушылық және микроқарыздардың барлығы ескеріледі.

Жиынтық борыш коэффициенті қарыз алушының берешек көлемін оның жылдық табысына шаққандағы мөлшермен көрсетеді. Оның жоғары болуы борыш жүктемесінің артқанын және қарыз алушының төлем қабілеті төмендеу қаупінің күшейгенін білдіреді, - дейді Ұлттық банк өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...