7 баласы бар: Әкімдік алдында өзін өртеп, мерт болған ер адам туралы жаңа ақпарат шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
210

Маңғыстау облысының әкімі әкімдік алдында өзін өртеп, көз жұмған ер адам туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Нұрдәулет Қилыбайдан 5 желтоқсанда Ақтауда болған қайғылы оқиғаға түсініктеме берді. Әкіммен кездесе алмаған ер адам әкімшілік ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген. Нұрдәулет Қилыбай оқиғадан бір апта бұрын марқұмның өмір сүрген Қарақия ауданына барып, азаматтарды қабылдаған екен.

Шенеунік қайғылы оқиға болған күні жиналыста болғанын айтты. Ал ер адамды оның қарамағындағылар қабылдаған.

Әкім марқұмның отбасына көңіл айтты. Қазір кәсіпкерлер ер адамның отбасына қамқорлық жасап жатқанын жеткізді. Марқұмның келіншегі балаларымен бірге Ақтауға көшуге ниетті екен.

"Олар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі. Әрі қарай көреміз. Жергілікті кәсіпкер балаларды оқыту мен асырауды өз мойнына алды. Бірақ біз көз жұмған адамды қайтара алмайсыз. Отбасында алты баласы қалды. Біздің білуімізше, жұбайы жетінші балаға жүкті. Ер адамның неге бұлай істегенін түсіну қиын. Біз өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасадық”, - деді әкім.