«Әзілдедік» деген екі жігітке сот 5 тәулік қамау тағайындады

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
275

Алматыда TikTok желісінде былапыт сөздер айтылған видео жариялаған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оларды 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Наурызбай аудандық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok-тан екі азаматтың былапыт сөздер айтқан бейнежазбасын анықтаған. Видео авторлары әрекеттерін әзіл ретінде көрсеткен.

Полиция бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков пен 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты.

Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полиция қоғамдық кеңістікте былапыт сөздерді қолдану, оның ішінде мұндай әрекетті әлеуметтік желіде «әзіл» ретінде жариялау да заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

 

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....