«Көбісі сырт айнала салды»: Арман Дүйсеновтың жұбайы сырын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
742

Марқұм танымал әнші Арман Дүйсеновтың әйелі Айсұлу Айданқызы қолдаушылары сырт айналғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қиын кезеңде кімнің жанынан табылғанын айтты.

"Дос кім, туыс кім? Басыңа іс түскенде біледі екенсің. Мен ешкімнен ақша сұраған жоқпын, тек менің жағдайыма қатысты соттың шешімі әділ ме соған пікір білдіріп, қолдау жасаңыздаршы дедім. "Маған сенім артуыңа болады" дегендердің көбісі бұл жағдайда сырт айнала салды. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, өздері біліп отырған шығар... Алланың мейірімі шексіз ғой, тар жол, тайғақ кешіп жүргенде, жүрегінде иманы бар жандарды жолықтырып, жарға келіп тірелген тірліктің оңға қадам басуына бар көмегін көрсеткен, Қайрат Реимов мырзаға, басқа да азаматтарға айтар алғысым шексіз. Жаратқан жандарыңызға нұрын шашсын, Алла разы болсын", – деп жазды Айсұлу Айданқызы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...