"Жұмыстан келгенде жылап отыратынмын": Танымал әнші жеке өмірі туралы сыр шертті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
81

Танымал әнші Мақпал Исабекова Zamandas подкастына берген сұхбатында төрт жылдық декреттік демалысы, босанғаннан кейінгі күйзелісі және жолдасымен ажырасуы туралы ашық айтты. Өнер иесі отбасын сақтап қалуға тырысқанын, алайда бұл әрекетінен нәтиже шықпағанын жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Әншінің айтуынша, төрт жыл бойы сахнадан алыстап, бала тәрбиесімен айналысу өз шешімі болған. Ол ана болуды ұзақ күткендіктен, балаларының өсіп-жетілу сәттерін өткізіп алғысы келмеген.

“38 жасымда ұлымды, 40 жасымда қызымды дүниеге әкелдім. Үйде балаларыммен бірге болу өз таңдауым еді. Өйткені ана болуды ұзақ күттім. Балаларымның қалай өсіп, қалай өзгеріп жатқанын өз көзіммен көргім келді. Ана болу мені қатты өзгертті, бойымдағы өзім білмеген қабілеттерімді ашты”, – деді әнші.

Мақпал Исабекова болашақта тағы екі балалы болғысы келетінін де жасырмады. 

“45 жаста да бала босануға болады. Бірақ мен ажырасып кеттім ғой. Сондықтан әзірге тек қалауым бар. Өзім әрдайым көпбалалы ана болғым келетін. Кем дегенде төрт балам болса деп армандайтынмын”, – деді өнер иесі. 

Әнші тұңғышын дүниеге әкелгеннен кейін босанудан кейінгі депрессияны бастан өткерген. Алайда сол кезде өзінің қандай күйде жүргенін түсінбегенін айтты.

“Өзімді жалғыз, ешкімге керексіз сезіндім. Алғаш рет ана атанған көптеген әйелге бұл сезім таныс шығар. Балаңмен оңаша қалғанда сені бәрі тастап кеткендей, ешкімге қызық емес, ешкімге керек емес сияқты көрінеді. 20 жасымнан 38 жасыма дейін үздіксіз жұмыс істеген адам ретінде мұны қабылдау маған өте қиын болды”, – деді Мақпал.

Сол уақытта әншінің жолдасы Шымкентте жұмыс істегендіктен, ерлі-зайыпты екі қалада тұрған. 

Мақпал баласына көбіне жалғыз қарағанын, тіпті тамақ ішуге де мұршасы болмаған кездері болғанын айтты.

“Кешке жақын туысым жұмыстан келгенде жылап отыратынмын. Жуынғым келеді, тамақ ішкім келеді, бүгін тіпті дәретханаға да бара алмадым дейтінмін. Құрбыларым бала күтуші жалдауға кеңес берді. Бірақ баламды ешкімге сеніп тапсыра алмаймын деп жүрдім. Барлық міндетті өз мойныма артып, мүмкіндігімді асыра бағалаппын. Сол кезде шынымен шамам жетпеді”, – деді әнші. 

PESTEL

Түркияның Эскишехир провинциясында әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Оқиға сал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тengrinews.kz мәліметінше, Жаңаарқа ауданында жеке үйдің ауласында тұрған үш көлік өртенді, деп ха...