Түркістанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 60-тан астам іс-шара өткізілмек

ЖАҢАЛЫҚТАР
3004

Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, Түркістан қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында орнатылған ескерткіштер мен бюстеріне гүл шоқтары қою іс-шарасы өткізілді.

Барлық карантиндік шектеулерді сақтай отырып шараға  ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар, мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, ақын туындыларынан үзінділер оқып, рухани азық алды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық  мерейтойына арналған облыстық іс-шаралар жоспары түзіліп, Түркістан облысында 60-тан астам  іс-шара өткізу жоспарланып отыр.   

Мәдениет және өнер мекемелерінде  Жас ақындар айтысы, «Жамбыл оқулары» байқауы, «Жамбылға арнау»   мерекелік концерті, «Жамбыл – Ұлы Дала  ақыны» әдеби сазды кештер, театрландырылған қойылымдар, көркем және деректі фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» облыстық семинар-форумы, «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың – Жамбылы», «Жыр алыбы – Жамбыл», «Жүз жыл жырлаған жүрек «Тау мен дала жыршысы» тақырыптарында көрме экспозициялары, мәдени іс-шаралар, танымдық кештер, лекция сабақтары және дөңгелек үстелдер өткізілетін болады. 

Бұдан өзге, білім беру мекемелерінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы апталықтар, «Жыр алыбы – Жамбыл», «Тарихтың мәңгілік тұлғасы», «Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек», «Жамбыл оқулары» сынып сағаттар өткізіліп, музей бұрыштар ашылмақ. Бүгінде облыста ұлы ақын есімімен 3 ауылдық округ, 4 елді мекен, 84 көше, 12 мектеп, 7 ескерткіш-бюст орнатылған.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...