Ұлытаудағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелермен 30-дан астам телефон өткізбек болған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2191

Ұлытаудағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелерге салынған 30-дан астам телефонды алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Олар 34 телефонды сотталғандарға арналған тамаққа жасырып, Қарағанды ​​колониясына өткізбек болған.

№62 мекеме қызметкерлері сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

“Азық-түлік өнімдерін тиеу кезінде «Газель» көлігі тексерілді. Сәбіз салынған қаптардың бірінде төрт қара түсті пластик “сәлемдеме” жасырылған. Ашылған кезде 34 ұялы телефон, 11 құлаққап, 3 флэш-карта және 30 SIM-карта анықталды.

Осы факті бойынша Жезқазған қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды.

“Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізудің иесі мен мекен-жайын анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде”, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық атқару департаментінің баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...