Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
871

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар жүйесінде «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты.

«Мемлекеттік наградалар жүйесінде лайықты орын алатын “Аль-Фараби” орденін тағайындау қажет деп санаймын. Бұл жоғары марапат білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға беріледі», – деді президент.

Сонымен қатар, ол биыл Республика күніне орай алғаш рет «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері табысталатынын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...