Талғар ауданында атыс болды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1939

Талғар ауданында (Алматы облысы) үйлену тойы кезінде атыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ КазТаг агенттігіне сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істерді тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдікті күзетпен ем алып жатыр. Тағы бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, кінәлілердің барлығы заң аясында жауапқа тартылады.

EGOV.PRESS Telegram-арнасының дерегінше, оқиға Талғар ауданындағы үйлену тойы кезінде болған.

Алайда Талғар ауданындағы оқиға тойда болмағанын Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға тойда болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген хабарламада. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...