“Үсік жүреді”: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1263

Алдағы үш күнде — 14-тен 16 сәуір аралығында — Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсері сақталып, жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.

«Оңтүстік-шығыста және түнде орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Кей өңірлерде тұман, бұршақ, шаңды дауыл және шквалболады. Жетісу облысындағы Алакөл маңында 30 м/с дейін жететін қатты жел күтіледі.

Үсік түнде мына өңірлерде жүруі мүмкін:

  • Ақмола,
  • Қостанай,
  • Солтүстік Қазақстан,
  • Ақтөбе облысының солтүстігі – -3°С дейін.

Астана:

• 14 сәуір: жаңбыр, түнде кейде қатты. Жел 15–20 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +13…+15°.

• 15 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.

• 16 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз бұлтты. Түнде 0…+2°, күндіз +13…+15°.

Алматы:

• 14 сәуір: күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал. Жел 18–23 м/с дейін. Түнде +13…+15°, күндіз +21…+23°.

• 15 сәуір: жаңбыр, найзағай. Түнде +11…+13°, күндіз +19…+21°.

• 16 сәуір: жауын-шашын, найзағай. Түнде +10…+12°, күндіз +15…+17°.

Шымкент:

• 14 сәуір: түнде жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +23…+25°.

• 15 сәуір: жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°, күндіз +23…+25°.

• 16 сәуір: найзағайлы жаңбыр. Түнде +8…+10°, күндіз +18…+20°.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...