Вальс кезінде кетіп қалған қалыңдық көпшілікті таңқалдырды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1693

Әлеуметтік желіде кезекті тойдағы қызық оқиға талқыға түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Видеодан байқағандай, жас жұбайлар ортаға шығып би билеп жатқан. Осы сәтте тамада күйеу жігітке қалыңдығын көтеру керек дегендей ишара білдірген. Алайда қалыңдық оған қарсы болып, жігітін жолатпай, тойдан кетіп қалған.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында екі түрлі пікір тудырды: бірі қалыңдықтың әрекетін құптаса, енді бірі жас жұбайлардың мұндай қылығы ыңғайсыз болды деп сынады. Видео қазір миллионға жуық қаралым жинап үлгерген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...