Қақпашы Темірлан Анарбеков қашан үйленетінін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
225

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков қашан үйленетінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

10 желтоқсан Астанада өткен KFF League Awards 2025 марапаттау рәсімінде “Үздік қақпашы” атанған Темірлан Анарбеков үйлену туралы жоспарын айтты. 

Марапаттау кешінде медиа саласы қызметкерлерінің бірінен қақпашыға “Егер қызың бар болса, қашан сөз саласың?” деген сұрақ қойылған. Ал, спортшы болса бұл сұраққа ойланбастан “Әзірге жоспарда жоқ” деп жауап берген. Оған жауапты нақтылау үшін “1-2 жылдан кейін болғанын қалайсыз ба?” деген сауалға “Иә, 2-3 жылдан кейін болуы мүмкін” деп ашық жауап берген. 

Сондай-ақ, осы секілді қызық сұрақтар басқа да футболшыларға қойылған. Солардың қатарында, "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Әлібек Қасымға “Қандай клубта ойнағың келеді?” деген сұрақ қойылған. Әлібек Қасымның таңдауы Манчестер Юнайтед футбол клубы екені белгілі болды. Ал, Ғалымжан Кенжебек “Ең әдемі футболист кім?” деген сауалға, Темірлан Анарбек деп жауап берген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды MadeniPortal....

PESTEL

«Финляндия аруы-2025» атағын иеленген Сара Дзафче тәжінен айырылды, деп хабарлайды ...