Білім және ғылым министрлігінің назарынаОйламаған жерде қызметінен аластатылған бұрынғы білім минист...
“Жағаға шығып жарты сағат Азаматты іздедім”: Аман қалған сарбаз оқиға туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол Темірхан есін жиып, ата-анасымен жолықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Кеше Маңғыстауда болған оқиғадан аман қалған Ақжол Темірхан әкесіне айтуы бойынша жағаға өзі жүзіп шыққан. Сонымен қатар, әлі келгенше дос болған Азамат есімді сарбазды іздеген. Бірақ ол сарбаз алғашқы деректер бойынша көз жұмғандар тізімінде болды. Одан кейін Ақжол басы айналып отырып қалғанын айтқан.
Бұл туралы аман қалған сарбаздың әкесі блогер Азамат Сәрсенбаевқа берген сұхбатында айтқан. Ол баласымен реанимацияға кіріп аз уақыт болса да сөйлесіп, аман екенін көріп, оқиғаны өз аузынан естігісі келгенін жеткізген.
“Балам жағаға өзі жүзіп шыққан. Жарты сағаттай досы Азаматты іздеген. Кейін су жұтып қойды ма, білмеймін ғой, түсінгенім бойынша балам басы айналып жерге отырып қалған”.
Сондай-ақ, осы сарбаздың қолында көз жұмған Азаматтың береткасы болған видео тарап, ол оны Азаматтың өзіне беретінін айтқаны тараған еді. Әкесі ол қалай баласының қолына түскенін әзірге білмейтінін айтқан.
