Қазақстанда пәтер сатып алу азайды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Қазақстанда 2025 жылдың маусым айында тұрғын үй нарығындағы сатып алу-сату мәмілелер саны 2,1%-ға азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылғы маусымда тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 33 273 мәміле тіркелген. Оның ішінде:

  • 7844 – жеке үйлер;
  • 25 429 – көпқабатты үйлердегі пәтерлер.

Салыстырмалы түрде мамыр айында бұл көрсеткіш 33 986 мәміле болған. 

Тұрғын үй нарығындағы белсенділік бойынша келесі өңірлер алда келеді:

  • Алматы қаласы – 6628 мәміле (19,9%);
  • Астана қаласы – 6072 мәміле (18,2%);
  • Қарағанды облысы – 2392 мәміле (7,2%). 

Ұлытау облысында небәрі 282 мәміле тіркелген. Бұл – жалпы көлемнің 0,8%-ын құрайды. 

Мамырмен салыстырғанда маусым айында тұрғын үй мәмілелерінің ең көп өскен өңірлері:

  • Атырау облысы: +23,2%;
  • Қостанай облысы: +7,1%;
  • Шымкент қаласы: +6%.

Ал ең көп төмендеген аймақтар:

  • Павлодар облысы: -12,1%;
  • Қызылорда облысы: -12%;
  • Батыс Қазақстан облысы: -10%;

Бюро дерегінше, көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша мәмілелер саны бір айда 3,1%-ға төмендеген (812 мәмілеге азайған). Маусымда пәтер бойынша 25 429 мәміле жасалған, бұл – барлық мәміленің 76,4%-ын құрайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...