Жағдайлары ауыр: Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1522

Ақтауда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағын аудандарының арасындағы жол бөлігінде жолапаты болды, деп хабарлайды

Ақтауда болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қазақстандықтарды бей-жәй қалдырмады. Халықты дүр сілкіндірген видеода көлік жүргізушісінің "зебрамен" өтіп бара жатқан екі оқушыны асқан жылдамдықпен қағып кеткені анық көрінеді. 

2013 және 2014 жылы туған балалар жабық бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Зардап шеккендердің бірі комада жатыр.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қозғалды.

– Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп мәлімдеді ведомство. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...