Атырауда мектеп директоры оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыпталды

instagram/atyrauoil.official

ЖАҢАЛЫҚТАР
1847

Атырауда №30 мектептің бұрынғы қызметкері білім ордасының директорын ұл балаларға тиіскен деп айыптады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Atyrau Oil-ға сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, 2013 жылы ол мектепке жұмысқа орналасқаннан кейін, директордың орынбасары категория алуын, ал өзі алғашқы жалақысын алуын атап өткен.

Мереке завучтың пәтерінде өткен. Жас маманның есінде қалғаны – үстелге отырғаны ғана, одан кейін ештеңе есінде жоқ. Таңертең ол толықтай жалаңаш оянған.

"Пәтерде тағы екі ер адам болды. Завуч маған: «Біздің әлемге қош келдің. Енді сен бізденсің», – деді", – деп еске алады экс-қызметкер.

Осыдан кейін ол адамдармен араласа бастағанын айтады. Арада 12 жыл өткен соң, ол бұл жағдайды ашық айтуға шешім қабылдаған. Өйткені сол кездегі завуч бүгінде қаладағы мектептердің бірінде директор болып отыр.

"Ол әрдайым жасөспірімдеу ұл балаларды тауып беруімді өтінетін", – дейді ер адам.

Аймақтың Білім басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде жалпы білім беретін мектеп мұғаліміне қатысты жарияланған ақпарат бойынша Білім басқармасы тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар аталған хабарламаны жариялаған азаматқа оқиғаны құқықтық тұрғыдан жан-жақты әрі объективті зерттеу үшін құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады", – делінген ресми хабарламада.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...