Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар 5 жасар қызды зорламақ болған. Бірақ сол қыздың ана...
«Жағдайы ауыр, комада жатыр»: Ақтөбеде 10 жастағы қызды көлік қағып кеткен
ашық дереккөз
Ақтөбеде үйінің жанындағы дүкенге шыққан қыз баланы көлік қағып кетті. Қазір оның жағдайы өте ауыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Басылым мәліметінше, жол апатынан кейін бала қабырғалары мен жамбас сүйектерінің сынуы, ашық бас-ми жарақаты секілді ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол комада жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы әлі де өте ауыр екенін мәлімдеді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Chevrolet Cobalt жүргізушісі Ембі көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.