Жамбыл облысында киелі жерлер тізіміне 35 нысан енгізілді

Жаңалықтар
894

Жамбыл облысынан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне 35 тарихи-мәдени нысан енді. 

Оның 8-і жалпы ұлттық, ал 27-і өңірлік деңгейдегі тарихи мұралар. Енді бұл ескерткіштердің электронды картасы жасалмақ. Тың жоба  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияда жұртшылыққа кеңінен таныстырылды. Жаңа бастама қараша айынан бастап іске қосылмақ.  Бұл жұмыстарға белгілі тарихшы, этнограф, өлкетанушы ғалымдар тартылған. Олар киелі орындардың аумағын, хронологиялық мерзімін, сызбалары мен архивтік құжаттарын, аңыз әңгімелерді жинақтап, цифрлық нұсқасын әзірлейді. Сонымен қатар киелі орындар туралы ақпарат алуды ыңғайлы ету мақсатында арнайы сайт пен үш тілде альбом түріндегі кітап жарық көрмек. Ғалымдар бұл аймақтағы тарихи ескерткіштердің танымалдығын арттырып, туристік нысан ретінде қалыптасуына жағдай жасайтындығына  сенімді. 

Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы:

 - Халыққа кеңінен таныстыру. Өйткені бізде бұл  жобада басты ескерткіштер ғана емес. Адам. Рухани құндылық. Осыған көбірек көңіл бөлейік. Көптеген әлі күнге дейін халықтың арасындағы дәстүріне өзіміздің жүрген объектілерді қарастырып, талқылап, қосып жатырмыз. Қосымша ғалымдарымыз тауып жатқан, археологтарымыз тауып жатқан, ұмытып кеткен киелі жерлерімізді анықтап жатыр.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...