4 балаға шабуыл жасаған педофилдің жас қызды зорлағаны белгілі болды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1749

Алматы облысында үйге кіріп, 4 балаға шабуылдаған ер адамға сот үкімі шықты беп хабарлайды Madenipirtal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, 2024 жылғы 16 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған еді. Ол балаларды ұрып-соғып, байлап, тамағына пышақ салған.  Көршілер балалардың айқайынан шошып үйге келіп, күдіктіні ұстайды. Күдіктіні полицейлер әкетеді. Балалар ауруханаға жеткізілген еді.

Содан кейін Алматы облысының прокуратурасы үш бап бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді (Кәмелетке толмаған екі және одан да көп балаларға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық қолдану арқылы тұрғын үйге қол сұғылушылққа бару, зорлау, яғни зорлық-зомбылық қолдану арқылы немесе оны жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қолданамын деп қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық қатынас, зорлау, яғни, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға зорлық-зомбылық қолданумен немесе оны қолдану қаупімен не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас).

Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасы тергеу барысында жас қызды зорлағаны анықталды.

«Жас баланы зорлау фактісі анықталды. Нәтижелері бойынша қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. Сот үкімімен сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды», деп мәлімдеді прокуратура.

Сотталушыға қатысты сот процесі жабық режимде өтті және бұл қылмыстың егжей - тегжейі жария етілмеді.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...