Бұл туралы Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанатты шарасында сөйлеген сөзінде айтты. Министрдің айтуынша, есеп беру жиынында терминдерге қатысты жасалған мәлімдемесін кейбір БАҚ өкілдері дұрыс түсінбей қалған.
Біреулер жазыпты "жазушының қызы осы ма?" деп. Кешірім сұраймын, мен - жазушының, журналистің қызымен. Мен оны мақтан тұтамын.
Қаншама жазушыларды көрдім, солардың арасында өстім. Мұқағалидай ағаның мойнында отырып өскен қызбын.
Сонымен бірге, ол министрлік жұмысындағы олқылықтарды қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге талқылау қажет екенін айтты.