Астанада 2005 жылы жасалған адам өлтіру қылмысының беті 21 жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды Maden...
Жаңа туған сәбиін 38 миллион теңгеге сатпақ болған анаға сот үкімі шықты
ЖИ
Өзбекстанның Самарқанд қаласында жаңа туған сәбиін 85 мың долларға (шамамен 38 миллион теңге) сатпақ болған әйел сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Daryo басылымының сот материалдарына сілтеме жасап жазуынша, 1999 жылы туған әйел Telegram желісіндегі «Суррогат ана» тобы арқылы баласын сатып алуға дайын адамдармен танысқан. Олар сәби үшін 70-90 мың доллар ұсынған.
2026 жылғы шілдеде әйел ұл босанған. Кейін баласын сатудан бас тартқанымен, сатып алушылардың қорқытуынан кейін райынан қайтқан.
Перзентханадан сәбиін алып шыққан әйел оны сатып алушыларға беріп, 85 мың доллар алып жатқан сәтте полиция қызметкерлерінің қолына түскен.
Сотта әйел кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Оған бастапқыда жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алайда сот үш баласының барын, денсаулығын және өкінгенін ескеріп, жазаны шартты жазаға ауыстырған. Әйелге үш жыл сынақ мерзімі белгіленді.