Ламин Ямаль «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды

Фото: fcbarcelona

СПОРТ
90

«Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасы аясында Әзербайжанның «Сабах» командасына қарсы өтетін кездесуге қатыспайды. Каталониялық клуб футболшының денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Клубтың ресми медициналық мәлімдемесіне сәйкес, Ямальдың оң жақ тобығында жеңіл жайсыздық байқалған. Сондықтан медициналық штаб ойыншыны тәуекелге тікпеу үшін Бакуге баратын құрамға қоспау туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, Ямаль бұл мәселені «Вильярреалға» қарсы өткен Испания чемпионатының матчына дейінгі дайындық кезінде сезінген. Соған қарамастан, ол кездесуді толық өткізіп, командасының 3:2 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Аталған ойында шабуылшы нәтижелі пас та берген.

«Барселонаның» мәліметінше, футболшы алдағы жексенбіде «Депортивоға» қарсы өтетін матчқа қатысуға дайын болуы керек.

«Сабах» пен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының кездесуі 25 қарашада Бакуде өтеді. Осылайша, каталониялық клуб маңызды шабуылшыларының бірінсіз алаңға шығады.