Францияның солтүстік-батысында орналасқан Пиру қаласында (Манш департаменті) автомобиль адамдар тобы...
Заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды тағы дебатқа шақырды
Коллаж: әлеуметтік желі
Мейірман Шекеев бұл туралы әлеуметтік желідегі прақшасында мәлімдеді. Ол әншінің жанына 5 адам қосылып келсе де болатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
“Әлеуметтік желіде бір дурналистің сұрағына Аша Матайдың құлағына біреудің сыбырлады деген жаңалықты көрдім. Енді сол сыбырлайтын адамдарымен қосым шақырамын. 5 адам қосылып келсе де болады
Шекеев бұған дейін, соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдері мен блогерлердің құқықтық мәселелерге пікір айтып, саясатқа араласуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ол заң шығару ісі арнайы дайындық пен кәсіби білімді талап ететінін айтып, Аша Матайдың заңдардың барлығын оқып шыққаны туралы сөзіне күмән келтірді.
Заңгер әлеуметтік желіде жариялаған видеосында:
«Мен 26 жылдан бері заңмен жұмыс істеймін. Соның өзінде барлық заңды оқып шықтым деп айта алмаймын. Сондықтан Аша Матайды ашық дебатқа шақырамын», – деді.
Сондай-ақ ол Аша Матайдың «бұл – өз қалауым» деген сөзін сынға алып, заң шығаратын органға жеке қалауымен емес, халықтың сенімімен бару керек екенін айтты.