“Қызметінен қуылды": Семейде мұғалімді қосымша жұмысқа міндеттегендер жазаланды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1843

Семейде орталық алаңда шыршаны безендіріп жатқан мұғалім биіктен құлады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, басшылық мұғалімдерді міндеттеген. Мәселеге министр араласып, педагогты жұмысқа тарту заңсыз екенін айтып, тексеріс жүргізуді талап етті.

“Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – “Педагог мәртебесі туралы” заңды өрескел бұзу деп санаймын”, – деді министр Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Министрдің тапсырмасынан кейін, Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқан тұлғалар жауапқа тартылды.

Абай облысының білім басқармасы бұл дерекке қатысты мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізді. Кейін Семейде білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды.

Қызметтік тексерістен кейін, шыршаны безендіруге үш мектептен 3 мұғалім тартылғаны анықталған. Бұған жол берген мектеп  директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...