Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы белбеуінен айырылғаннан кейін мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) оны чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешіміне пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы рингке қашан оралатынын да мәлімдеді.

«Біз сынақтан өттік, бірақ сынбадық! Керісінше — шыңдалдық! Шешім қабылданды: IBF кетті, WBO қалды. Қалай болғанда да, қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионымын! Бір титул сақталды! Сәті түссе, 8 айдан кейін рингке шығамын», — деді ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, «таза спортқа» адалдығын тағы да атап өтті.

«Біреулер үшін кәсіпқой бокс — спорт, ал кейбіреулер үшін — жай ғана бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақы құндылықтар жағындамыз! Тұлпардың жолында да жазық та, ойпаң да болады; ер азаматтың жолында да қуаныш та, қиындық та кездеседі. Өмір заңы осындай! Біз әр қиындықтан кейін қуаныш келетінін ұмытпаймыз», — деді боксшы.

Сонымен бірге, Әлімханұлы қазақстандықтарға тағы да үндеу жасап, әлі талай рет рингке шығатынын жеткізді.

«Мен допингке қарсымын! Бұрын да айттым, қазір де айтамын! Өткен өтті, біткен бітті. Шексіз талқылау мен уайымнан тағдыр өзгермейді. Ең бастысы — халық менің кім екенімді және қандай боксшы екенімді жақсы біледі! Құрметті отандастар, біз әлі де әлем чемпиондарымыз! Алдымызда әлі талай жекпе-жек күтіп тұр», — деп түйіндеді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі қазақстандықтарға тиесілі делінген Дубайдағы 97 пәтер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Құтқару қызметі түнде «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында Ресейдің...