Астанада 7 жастағы қызды туған атасы зорлап келген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2153

Астанада 7 жастағы қызды өз туған атасы зорлап келген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты адвокат Азамат Сағал мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір күдікті іздестіріліп жатыр. 

“Жеті жасар қызды өз атасы зорлаған. Күдікті қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазіргі уақытта оны полиция іздеп жатыр. Істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Достар балаларыңызды бөтен адаммен қалдырмаңыздар”, – деді адвокат. 

Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...