16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік тергеу изоляторында көз жұмды, деп хабарлады...
«Мадина қайтыс болған күні Мадияр туған күнде болған»: көршісі жаңа дерек айтты
коллаж: MadeniPortal.kz
Меркідегі Мадинаның өліміне қатысты жаңа дерек айтылды. Мадиярдың көршісі қыз қайтыс болған күні жігіттің танысының туған күніне барғанын мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Көршісінің сөзінше, сол күні Мадияр елді мекеннің шет жағында тұратын танысының үйінде болған. Ол танысын туған күнімен құттықтау үшін барған.
«Дәл сол күні Мадияр шет жақта тұратын служагы бар, соның үйінде болған. Туған күнімен құттықтау үшін сол үйге барған. Қайтыс болған күні үйде болған. Білесіздер ғой, жастар бір-бірін түнде құттықтап барады», – дейді Мадиярдың көршісі.
Айта кетейік, 19 жастағы Мадинаның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бұған дейін марқұмның жақындары мен оқиғаға қатысты пікір білдірген азаматтар отбасындағы жағдай жөнінде бірқатар дерек айтқан.
Қазіргі уақытта Мадинаның өліміне қатысты оқиғаның нақты мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Көршінің жоғарыдағы сөзі – оның жеке мәлімдемесі, сондықтан ондағы деректер тергеудің ресми қорытындысы ретінде қарастырылмайды.