Михаил Шайдоров алтын жүлдесі үшін қанша алады?

Фото: Olimpic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
136

Михаил Шайдоров Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін шамамен 123,7 миллион теңге алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар төленеді.

Қазір бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылы Олимпиада ойындарындағы жалғыз медалі.

Шайдоров жарыс тарихында алғаш рет үштік аксель – төрттік тулуп каскадын сәтті орындаған мәнерлеп сырғанаушы атанды.

Бұл турнирдің басты фавориті ретінде әлемнің екі дүркін чемпионы, америкалық Илья Малинин саналған. Ол қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрғанымен, еркін бағдарлама кезінде екі рет құлап қалды. Нәтижесінде Малинин 264,49 балмен сегізінші орынға тұрақтады.

Миланда бейтарап мәртебемен өнер көрсеткен ресейлік Петр Гуменик алтыншы орын алды.

Ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың сенсациялық жеңімпазы тек қазақстандық Михаил Шайдоров атанды.

Жұма күні Италияда өткен Олимпиада ойындарында барлығы жеті медаль жиынтығы сарапқа салынды. Осы ойындарда Ұлыбритания құрамасының алғашқы алтын медалін скелетоншы Мэтт Уэстон жеңіп алды. Ал норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо классикалық стильдегі спринтте топ жарып, өз еліне сегізінші алтын жүлде әперді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жағдай бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын растады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде жеке өміріне қатысты сыбыс тараған әнші Рүстем Жүгінісов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Mad...