Қатонқарағайда бұғылар үйге кіріп кеткен (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1612

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында үйлерге бұғып кеткен видео тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Видеода үй иесі күтпеген қонақты көріп таңдай қағады. Алайда жұбайының бұл жағдайға берген реакциясынан-ақ мұндай оқиға бұл өңірде үйреншікті екенін байқауға болады.

Ер адам бөлмеде сабырмен тұрған бұланды видеоға түсіріп, оның сұлулығына тамсанып жатыр.

Сол сәтте артқы жақта әйелі ашулы үнмен: «Маралың жалықтырды ғой» – деп ренжіп тұр. Демек, бұланның үйге келуі – бұл отбасы үшін таңсық емес, тіпті, үй иесі әйелдің ашуын тудыратын жағдайға айналған.

Пікір қалдырғандар бірауыздан келіседі: көрші ретінде бұланның болуы әдеттегі жағдай емес (тіпті кейде бұл жануардың өзі үшін қауіпті болуы мүмкін), дегенмен оның сұлулығы мен сымбаты ешкімді бейжай қалдырмайды.

 

@qaton_qaragay Қатон Қарағайдың бұғысы үйге кіріп кетті #марал #катонкарагай #qatonqaragai #пантолечение #katonkaragai ♬ оригинальный звук - DAKE KATON QARAGAI

PESTEL

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...