Кешке жедел жәрдем шақыру құны 340 теңге емес, 360 теңге болуы мүмкін

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1024

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, жедел жәрдемнің 4-санаттағы, яғни өміріне тікелей қауіп жоқ жағдайлар бойынша жасалатын шақыртулардың тарифі кешкі және түнгі уақытта 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі.

Бұл санаттағы шақырулар науқастың жағдайы шұғыл медициналық көмекті талап етпейтін жағдайларға жатқызылады.

Министрлік жобада тарифті арттыру жедел жәрдем бригадаларының жүктемесін төмендетіп, қызмет сапасын жақсартуға және оқиға орнына жету уақытын қысқартуға көмектеседі деп көрсеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...