Желіде әскерде зорлық көргені туралы ақпарат таратқан жігіт ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
940

23 ақпанда желіде белгісіз біреу әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қудалаудан қорқатынын жазған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жарияланымда банк реквизиттері көрсетілген.

Ол бұл қаржыны шетелге шығу үшін жұмсайтынын мәлімдеген.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында пост авторы ұсталды.

«Жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар оның әскери қызметке еш қатысы жоқ екендігі және әскерде ешқашан болмағаны белгілі болды», - дейді ІІМ.

23 жастағы күдіктінің айтуынша, жалған ақпаратты ол ақша жинау мақсатында жариялаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі ақын әрі журналист Жанна Елеусіз өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жетк...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұған дейін желіде Перизат Қайраттың туыстарына Дубайда бірнеше пәтер тиесілі екені туралы ақпарат т...