Желіде дүкеннен сусын ұрлаған әскери формадағы ер адам қызу талқыланып жатыр

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
982

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданындағы дүкеннен түсірілген видео таралып жатыр. Кадрдан әскери форма киген ер адамның тоңазытқыштан сусын құйылған құтыны білдірмей алып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видео сипаттамасында дүкен иесінің ер адамға тауардың ақысын бәрібір төлеуді өтінгені айтылған. Жарияланым авторының сөзінше, келуші сыра құтысын алып, ақысын төлеместен кетіп қалған.

«NewTimes.kz» редакциясы бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінген.

Полицияның мәліметінше, аталған оқиға бойынша тексеріс басталып кеткен.

«Алатау ауданы Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеріс жүргізуді бастады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент–Бадам тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиғад...