Желтоқсаншылар “жазылмас жара” туралы сыр шертті

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
90

Документалист Әлия Әшім "Желтоқсанға жауаптылар неге сотталмады?” атты деректі фильмінде желтоқсан оқиғасы кезіндегі желтоқсаншылармен жолығып, ызғарлы жылдың жай-жапсарын сұрады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Қайыргелді Күзембаев пен Түгелбай Тәшенов көтерілістің қалай болғаны туралы сыр шертті. Қайрат Рысқұлбековке Сергей Савицкийді өлтірді деген айып тағылған. Ал Қайыргелді Күзембаев пен Түгелбай Тәшеновке Қайрат Рысқұлбековтің қылмысына көмектесті деген жалған жала жабылды.  Сол себепті Қайыргелді Күзембаев 14 жылға, Түгелбай Тәшенов 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бірақ желтоқсаншылар Савицкий деген адамды көрмегенін айтады. Тіпті Қайрат Рысқұлбековтің де көрмегенін айтып отыр.

“Ол поляктың адамы. Алаңда қаза болған жасақшы. Кім болса да, өзімен-өзі өліп қалған адам ғой. Бірақ соның бәрін бізге жапты. Біздің оған қатысымыз да болған жоқ. Жас қыздардың басынан күрекпен ұрып жарып жатты. Өзіміз қашып жүрміз. Жаспыз. Ешкімге ұстатпаймыз. Сотта бізге “қолыңа неге таяқ алдың” дейді ғой. Анандай етіп ұрып жатқан кезде жәй қарап тұрмайсың ғой”, - деді Түгелбай Тәшенов.

Желтоқсаншылар өздеріне ату жазасы берілмегеніне қуанады.

“Мен 14 жыл бергеніне қуандым. Мен ату жазасынан түсіп қалдым. Оқыған адам болғаным үшін жеңілдетіп 14 жыл берді. Оқығаныма қуандым. Алған мақтау қағазымның бәрі сотта айтылды ғой”, - дейді Қайыргелді Күзембаев.

Әлия Әшім деректі фильм барысында анасының ауылына да барған. Дакументалистің марқұм анасы құрбысымен бірге желтоқсан оқиғасына қатысқан екен.

“Сол күнгі суық ерекше болды. Ыстық суды бетіңе құйғанда тайғанақтап қаша алмайсың. Сөйтіп абдырап тұрғанда қоқыс салатын машиналарға салып, қайда әкетіп жатқаны белгісіз, кім әкетіп жатқаны белгісіз. Білмеймін. Басымыздан қан ағып жатты. Қазақ жігіттері бізді барынша қорғады. Бізге “қашыңдар, бұлар сендерді аямайды” деп, біз Роза екеуіміз(Әлияның анасы) көшені бойлап жатақханаға қаштық”, - дейді желтоқсаншы келіншек.

 

 

 

Шоу-бизнес

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружа...

Жаңалықтар

Астанада Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Серікжан Ахметжановтың Үкіметтің Қазақстанды біріңғай уақ...