“ЖенПИ — әйел дайындау үшін ашылды”: Омар Жәлелдің сөзі қызу талқыға түсті

Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
361

Алматыдағы Қыздар педагогикалық иниституты (қазіргі ҚҰҚПУ) қазақ жігіттеріне әйел дайындау үшін ашылған. Жігіттерге қалыңдық дайындау идеясын іске асырған Темірбек Жүргенов деп, абайтанушы Омар Жәлел айды аспанға бірақ шығарды. Оқыған қазақ жігіттері өз ұлтының қыздарын менсінбей, өзге ұлттың қыздарын әйелдікке алған, деп хабарлайды madeniportal.kz Qazaq Today ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, кезінде қазақтың оқыған азаматтары қазақ қыздарын менсінбей кеткен. Білімді жігіттер орыстан немесе татардан қыз алатын болған. Омар Жәлелдің сөзінше, бұл проблеманы тоқтаудың жолы білімді қыздарды дайындайтын оқу орнын ашу болған.

«Оқыған қазақтың жігіті оқымаған қазақтың қыздарын менсінбей қалды. Бұл проблеманы Темірбек Жүргнеов қалай шешті, білесіз бе? Сонда, сол проблеманы шешу үшін Темірбек Жүргенов ЖЕНПИ-ді салды. Ол оқыған қазақ жігіттеріне қалыңдық дайындайтын институт. Қазақтың жігіттері ЖЕПНИ-ден шықпайтын болды, бүкіл Алматы», — деді Омар Жәлел.

Ал оның айналасында отырған адамдар таңданысын жасырмай, Омар Жәлелдің сөзіне имандай сенгендерін көруге болады.

Жаңалықтар

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағынан Ресей зымырандары атқан, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына берілетін төлем мөлшері белгілі...