Елімізде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасы қабылдана...
Зерендіде ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті сындырып кеткен (ВИДЕО)
Сурет: Tengrinews
Белгісіз біреулер Зерендегі Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішті сындырып, ерін далабымен бояп кеткен, деп хабарлады madeniportal.kz.
Мұны көргенде біз не айтарымызды білмей қалдық. Мұндай нәрсені қалай жасауға қалай дәттері барады? Видеоны қарағанда жүрегің аурады, - делінген роликтің жазбасында.
Ақмола облысының полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство вандализм фактісі бойынша Зеренді ауданында сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұзақылар Зеренді ауылында орналасқан ҰОС қатысушыларына ескерткішті қорлағаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған адамдарды анықтап жатыр. Оқиғаның мән жайын ашу және тергеу департамент басшылығының жеке бақылауында, - делінген хабарламада.