Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауыАрдақты ағайын!Баршаңызды Ұлысты...
Жеті жылдан кейінгі күтпеген жаңалық: Bek Air иесі не үшін қамауға алынды?
Bek Air ұшағының апаты. Оқиға орнынан алынған архивтік фото. Фото: ҚР ТЖМ.
Алматыда Bek Air әуе компаниясының іс жүзіндегі иесі Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналистің мәліметінше, кәсіпкерге аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдік келтірілген. Іс Алматы әуежайында сақталған Fokker-100 ұшақтарының қозғалтқыштарының жоғалуына қатысты.
Тергеу барысында 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында жоғалған қозғалтқыштардың бірі орнатылғаны анықталған. Оның нөмірі арқылы сәйкестендірілгені айтылады.
Козачковтың хабарлауынша, Жұмасұлтанов жауап алуға шақырылып, кейін күдікті ретінде ұсталған. 9 қыркүйекте Алматының тергеу соты оны екі айға қамауға алуға санкция берген. Істегі тағы бір фигурант үйқамаққа алынған.
Кәсіпкерге Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша күдік келтіріліп отыр. Бұл бапта мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Журналистің айтуынша, қазіргі қылмыстық іс 2019 жылғы әуе апатының өзін тергеуге емес, ұшақ қозғалтқыштарының жоғалуына қатысты. Жұмасұлтановтың кінәсі сотта дәлелденген жоқ.