Атырауда екі жұмысшы 5 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл туралы Атырау облы...
Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды
Фото: POLISIA.KZ
1521
Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұрлығымен айналысқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Өңір прокуратурасы мәліметінше, олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады. Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәрізді қылмыс құралдары, сондай-ақ, сойылған мал сияқты заттай айғақтар тәркіленген.
"Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген. Олар ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.