Жетісуда әскерде жүрген тағы бір сарбаз қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1803

Жетісу облысында жаттығу кезінде жас әскер қызметкері оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

23 қыркүйекте әскери бөлімде болған қайғылы жағдайда мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз оқ жарақатынан қаза тапқан. Бұл оқиға дайындық барысындағы жаттығулар кезінде орын алған.

Алдын ала деректерге сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан сарбазға оқ тиген. Ол алған жарақатының ауырлығынан сол жерде жан тапсырған.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қорғаныс министрінің тергеуді жеке бақылауына алғаны хабарланды.

Қосымша мәліметтер тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...