Жетісуда сирек кездесетін жыртқыш байқалды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1242

Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында тұрақты жүргізіліп келе жатқан мониторинг жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсірілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған. Аталған бейнематериал парктің жоғары биіктіктегі аймақтарындағы экожүйенің жақсы сақталғанын көрсетеді. Мұндай деректер Алтын-Емел ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау және зерттеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесін айқындайды", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...