Жезқазған кәсіпорындарында жабдықтарды жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: Kazakhmys

ЖАҢАЛЫҚТАР
73

Қазақмыстың Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарында стационарлық жабдыққа жоспарлы жөндеу жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Тамыз айында мамандар 20 жобаны сәтті аяқтады. Жұмыс кеніш алаңында және Жезқазған байыту фабрикасында жүргізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Жомарт» кенішінде №3 және №5 магистральдық конвейерлерге, сондай-ақ №2, №5 және №8 ұсатқыштарға жөндеу жүргізілді. Мамандар ұсатқыштардың маңдайшасы мен қоректендіргіштерін жөндеді, скиптік көтергіштің тартқыш арқандарын ауыстырды, конвейердің кермелі станциясын жөндеп, теміржол бункерінің элементтерін қалпына келтірді. 

Оңтүстік Жезқазған кенішінде және «Батыс» кенішінде көтеру және ұсақтау жабдықтарына кешенді жөндеу жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, №65 шахтада арқан жетекті шкивтің футеровкасы ауыстырылды. №67 шахтадағы №4 конвейердің 1890 қума метр таспасы, сондай-ақ доңғалақтары мен доңғалақ тіреулері жаңартылды.

                                         

Жезқазған байыту фабрикасында мамандар ұсатқыштарды, қоректендіргіш пен конвейерлерді жөндеді. Жұмыс барысында таспа, торап және ұсақтау жабдығының броньды элементтері ауыстырылып, тор асты науа жөнделді, сондай-ақ пластиналы қоректендіргіштің төсемі ауыстырылды. 

Жоспарлы жөндеу жұмысы жабдықтың техникалық жағдайы мен өндірістік міндеттерді ескере отырып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мұндай тәсіл жекелеген тораптардың тозуын алдын ала анықтауға, ақауды дер кезінде жоюға және олардың ұлғаюына жол бермеуге ықпал етеді. Жабдыққа тұрақты түрде техникалық қызмет көрсету оның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. 

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысы қыркүйек айында да жалғасады. «Батыс» кенішінің №67 шахтасындағы 140-деңгейжиекте кен түсіргіштің маңдайшасын ауыстырып, ұсатқышты жөндеу жоспарланған. Жұмыс аяқталғаннан кейін жабдық қайтадан пайдалануға беріледі. 

Жоспарлы жөндеу жұмысы – өңірдегі кәсіпорындардың өндірістік жұмысының ажырамас бөлігі. Компания жабдықты жүйелі түрде жаңартып, қалпына келтіру арқылы олардың техникалық даярлығын қамтамасыз етеді және өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаттарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жетед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада үй қасбетінің опырылуынан фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза болған іс бойынша сотта «Астан...