Жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Маңғыстау облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында Ақтау – Бейнеу тасжолында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Camry көлігі Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытына қарай қозғалған. Осы кезде жолға түйе шығып, көлік жануарды қағып кеткен. Соқтығысудан кейін Camry қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Апат салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның басым бөлігінде 17 қыркүйекте таңертең тұман түсіп, солтүстік пен батыс өңірлерде жаңбы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікк...