«Жол ақысын төлеуден бас тартқан»: Жолаушы такси жүргізушісіне пышақ сұққан

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
705

Әзербайжандағы Гобу ауылында (Апшерон ауданы) таксист пен жолаушы арасындағы жанжал шыққан, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Oxu.Az хабарлағандай, Гариб Ахундов (аты-жөні шартты түрде алынған — ред.) «20 Январь» метро станциясынан ауылға жетпек болып, Джавидан есімді таксистке барып, мекенжайын айтқан. Жүргізуші оны 2 манатқа жеткізіп тастауға уәде беріп, келісім жасалған. Джавидан тағы үш жолаушыны мінгізіп, Гобуға қарай бет алған.

Қалған жолаушылар түсіп кеткеннен кейін Джавидан Гарибтен қай жерде түсетінін сұрайды. Ол болса, нақты мекенжайға жету үшін әлі бірнеше шақырым жүру керектігін айтады. Таксист жолдың жағдайы нашар екенін айтып, оны түсуге шақырады. Алайда Гариб өзін көрсетілген мекенжайға дейін жеткізуді талап етеді. Осыдан кейін екеуінің арасында дау туып, Гариб көліктен түсіп, ақы төлеместен кетіп қалады. Джавидан ақы төлеуін талап етеді, бірақ Гариб бұл ақшаға басқа такси шақыратынын айтады. Сол кезде жүргізуші көліктен түсіп, Гарибке жұдырықпен соққы жасайды. Жауап ретінде Гариб Джавиданды иығы мен арқасына екі рет пышақпен жарақаттайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.

Сот Г. Ахундовты 1 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.