Жолдың қақ ортасында: Шымкентте тағы да асфальт опырылып қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Шымкентте жолдың қақ ортасында асфальт опырылып, суға толған терең шұңқыр пайда болды. Оқиғаға қатысты видеолар әлеуметтік желілерде таралып, тұрғындардың сынына ұшырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аталған жағдай Оңтүстік шағынауданындағы Қамысты көшесінде болған. 1968 жылы салынған, диаметрі 1000 мм кәріз коллекторының істен шығуына байланысты жолдың асфальт жабыны опырылған. Бұл құбыр «Су ресурстары Маркетингі» ЖШС-не тиесілі.

Оқиғадан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолдың қауіпті бөлігі қоршауға алынды. Қазіргі таңда «Су ресурстары Маркетингі» ЖШС тарапынан қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады қала әкімдігі. 

Апат орнына коммуналдық қызметтердің ауыр техникасы мен бірнеше жұмыс бригадасы жұмылдырылды. Мамандар суды және жиналған лайды сорып шығарып, зақымданған құбыр бөлігін ашып, жолды қайта қалпына келтіруге кірісті. Жұмыс барысында бетон сорғылары, экскаватор, КамАЗ жүк көліктері және арнайы тазарту техникалары қолданылып жатыр.

Мамандардың мәліметінше, құбырдың істен шығуына оның ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, техникалық тұрғыдан тозуы себеп болған.

Жөндеу жұмыстарын шамамен бір апта ішінде аяқтау жоспарланып отыр. 

MADENI TV

Қазақстан үшін халық денсаулығын қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықта...

АЙМАҚТАР

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Made...