Олимпиада чемпионы Михаил Шайдаровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер табысталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
169

Қазақстандық құрылыс компаниясы Ulytau Group спортшы Михаил Шайдоровқа New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Құрылыс компаниясы өз шешімін Instagram желісінде спортшыны құттықтаған сторис жариялау арқылы мәлімдеді.

Компания өкілдері әзірге Шайдоровтың өзімен байланыса алмағандарын, жаңалықты жеке жеткізіп, баспананы тапсырудың егжей-тегжейін талқылай алмағандарын нақтылады.

«Біз Михаил Шайдоровпен жеке байланысып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді табыстағымыз келеді, бірақ өкінішке қарай, әзірге оған хабарласа алмай отырмыз. Егер сіз оның байланыс тәсілін білсеңіз немесе бұл хабарламаны оған жеткізе алсаңыз, бізге көмектесіңізші. Біз бұл қуанышты жаңалықты өз чемпионымызбен бөліскіміз келеді», — делінген компанияның жарияланымында.

Бұған дейін әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтап, оған көлік сыйлауға уәде берген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі актер және продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіге ауруханадан сурет жүктеді, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

13 ақпанда Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды, деп...