Жұмыс берушісі 19 жастағы қызға қорлық көрсеткен

Podrobno.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1371

Өзбекстанның Андижан қаласында 32 жастағы әйел өз дүкеніндегі 19 жастағы қызметкерге күш қолданған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Ол қызды дүкеннің жертөлесіне күштеп апарып, киімін шешкізіп, шашын қиып тастаған. Бұл оқиға түсірілген видео 22 шілде күні әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызды. Өзбекстан ІІМ Андижан облыстық басқармасының мәліметінше, бұл жағдай былтыр, 2024 жылдың желтоқсанында болған. Қақтығыстың себебі – қыздың иесіне қарыз болуы.

Жәбірленуші осы уақытқа дейін оқиға туралы не полицияға, не жақындарына хабар бермеген. Алайда видео тараған соң, қатысушылардың тұлғалары анықталып, тексеріс басталған. Қазір процессуалдық шешім қабылдау үшін алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары болған оқиғаға наразылық білдіріп, кінәлі тарапты заң алдында жауапқа тартуды талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...