Хабар-like шоуының тікелей эфирінде "Жаңа Адамдар" қозғалысының белсендісі Рымжан Қуаныш қазақстанды...
Журналистер одағының алтын медалі полицейге берілді
Фото: дереккөз
Суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарған полицейге Қазақстан журналистер одағының “Алтын медалі” табысталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Polisia.kz сайтының жазуынша, Конституция күні қарсаңында суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалған полицейге арнайы марапат берілді. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Дәулетов патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәулет Сағынбаевқа Қазақстан журналистер одағының “Алтын медалін” табыстады.
Осы жылдың сәуір айында Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынының өзенге түсіп кеткенін байқаған. Содан малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Осы сәтте патрульдеу қызметінде жүрген полицейлер бірден байқап, уақытында іске кірісіп, жағаға аман-есен алып шыққан деген ақпарат шығып, назарымызға ілінді. Осы оқиғадағы көзсіз ерлікке барып, тұрғынның өмірін арашалап қалған полицей Дәулет Сағынбаевтың әрекетін жоғары бағаладық. Бұл кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік деп білеміз. Сондықтан біздің мекеменің жылына бір рет берілетін марапатын полицей бауырымызға бермекшісіз. Елдің алтындай ұлы осы марапатқа лайық, – деп облыстық Журналистер одағының төрағасы М.Дәулетов алғысын білдіріп, төсбелгіні тақты.
“Бейбіт күннің батыры” жобасы аясында үздік деп танылған инспектор Д.Сағынбаев, марапатқа лайық көрген жандарға алғысын білдіріп, барша қазақ елін Конституция күнімен құттықтады.