Бүгін Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі шымылдығын ашты. Биылғы...
«Жылқы еті — харам»: зерттеушінің мәлімдемесі көпшілікті ашуландырды
Madeniet Portaly
Желіде зерттеуші, Париждегі Жоғары зерттеулер практикалық мектебінің докторанты Агат Гидің жылқы етіне қатысты айтқан сөзі тарады. Бұл қазақстандық желі қолданушылары арасында наразылық тудырды, — деп хабарлайды Madeniet Portaly QalamGlobal.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеоның астына Агат Ги Қазақстандағы халал индустриясын зерттеумен айналысатынын жазған.
Ол жылқы еті жайлы сөз қозғайды. Желі қолданушылары зерттеушінің бұл ойына жаппай қарсы шықты. ҚМДБ бұл видеоға қатысты жылқы еті мен сүті туралы үкімді ұсынды.
«Жылқының етін жеуге болмайды дейтін тарап оны тахрими (харамға жақын) мәкрух деп біледі. Себебі, олар жылқы жорық және соғыс үшін қажетті құрал, негізгі күш ретінде қолданылады деп есептейді. Алла Тағала Құранда:
«Сендер де шамаларың келгенше (дұшпандарға қарсы) әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер», – деген. Сондай-ақ, жылқының жүк тасымалы және шаруашылық үшін қажетті екені ескеріледі. Тіпті, оны сәнге әрі мақтанышқа ұстауға болатындығы айтылады. Бұл аяттардан жылқыны жеуге болмайды деген мағына шықпайды, бәлкім оны жеумен қатар міну, жүк тасу секілді басқа да мақсаттарға, қажеттіліктерге қолдануға болатындығын ұғынамыз. Өйткені бір істің көбін пайдалану жағын айту, оның басқа тұстарын қолданбайтынын білдірмейді», — делінген үкімде.
Шариғат бойынша жылқының еті де, сүті (қымыз) де адал ас болып есептеледі. «Сонымен қатар, өзге үй жануарлары секілді жылқының сілекейі де шариғатта таза саналады. Ал сілекейдің үкімі жануардың етіне байланысты беріледі. Сондықтан жылқы етіне «тахрими мәкрух» деп үкім берілуі еттің нәжіс болғаны үшін емес, басқа мақсаттарда (міну, тасымалдау т.б.) пайдасы басым болғаны үшін, деп түсіндіріледі. Шариғат кітаптарында Әбу Ханифаның «жылқы етін жеу тахрими мәкрух» деп айтқандығының себебі де осыдан.
Бұл – оның жылқы еті жайында ең әуелгі айтқан пәтуасы. Бірақ, өліміне үш күн қалғанда ол пікірін өзгерткен, яғни жылқы етін тәнзиһи (халалға жақын) мәкрух деген сөзге тоқтаған, делінеді. Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед, сондай-ақ шафиғи мен ханбали мәзһабтарының өкілдері жылқы етін жеуге толық рұқсат етеді. Шариғат бойынша жылқының еті де, сүті (қымыз) де адал ас болып есептеледі», — деді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында.
Video: Alash.kz