Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz&nb...
Әйел күйеуіне кектеніп екі баласын өлтірген
Фото: freepik
Сырдария облысында екі кішкентай баласын өлтірген 32 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мен сот анықтағандай, ол балаларын күйеуінен кек алу үшін өлтірген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылдың 1 ақпанына қараған түні Гүлістан ауданында болған. Отбасы жалдамалы үйде тұрған. Күйеуі жұмыстан үйіне келген кезде өмірін түбегейлі өзгерткен көрініске тап болған.
Үйдің іші газға толып тұрған. Оның ішінде әйелі мен алты және төрт жастағы екі ұлы болған. Балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Ал әйелді дәрігерлер өлім аузынан алып қалған.
Бастапқыда оқиға газдан улану салдарынан болған қайғылы жағдай ретінде қабылданған. Алайда сот-медициналық сараптама шындықты анықтады. Балалардың өліміне газ емес, механикалық асфиксия, яғни тұншығу себеп болған.
Тергеу барысында әйелдің күйеуінен кек алу мақсатында өз балаларын әдейі өлтіргені анықталды. Алдымен ол алты жастағы ұлын, кейін төрт жастағы баласын тұншықтырып өлтірген.